Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жазатайым жол-көлік оқиғасы үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы алынып тасталмақ

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Атап айтсақ, денсаулыққа зиян келтірілмеген жазатайым оқиға үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасын жою ұсынылады. Оның орнына айыппұл салынады. Бұл түзету әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қамтылған.

Жүргізуші куәлігі жоқ жол ережесін бұзушылар 7 жылға дейін құжат ала алмайды. 

Заң жобасы қабылданғаннан кейін жүргізуші куәлігі жоқ және оны алмай тұрып көлік құралын басқарған, оның ішінде алкоголь немесе есірткі қолданған мас күйінде жауапкершілікке тартылған тұлғалар жеті жылға дейін емтихан тапсыруға жіберілмейді.
Қазір олар әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады. Осыған ұқсас айыптар бойынша жауапқа тартылған жүргізушілер 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

"Әкімшілік жазаның шектен тыс ауырлығына қатысты қоғам тарапынан айтылған сынды ескере отырып, репрессивтілікті төмендетуге бағытталған бірқатар түзетулер ұсынылды. Оның ішінде әкімшілік әрекеттердің санкцияларын оларды жеңілдету және төмендету тұрғысынан қайта қарау, құқық бұзушылықтың бірқатар құрамдарын азаматтық жауапкершілік саласына ауыстыру қарастырылған. Мысалы, заң жобасында денсаулыққа зиян келтірілмеген жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жүргізуші куәлігінен айырмау ұсынылды. Тұрақ ақысын төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік алынып тасталады, өйткені бұл қызметтер азаматтық-құқықтық сипатта болады", – деді депутат Сергей Пономарев мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ белгілі бір құқық бұзушылықтар, атап айтқанда табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы шығарындылар мен шу деңгейінің белгіленген нормаларын бұза отырып көлік құралдарын пайдаланғаны үшін қамауға алуды айыппұлмен алмастыру қарастырылды. 

"Бекітілген шығарындылар нормалары мен шу деңгейін бұза отырып, көлік құралдарын пайдалану үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер қабылданды. Тұрақ ақысын төлеуден жалтарғандар үшін жауапкершілік алынып тасталды, өйткені бұл қызметтер азаматтық-құқықтық сипатқа ие", – деп қосты мәжілісмен.

Талқылау